Маңғыстаудғы мұнайшылар бұған дейін талап қошы талапкер болып келдік, енді болса заңды ереуілшіміз дейді, ал алматылықтардың бір тобы кісі қолынан қаза тапқан мұнйшының қызы Жансәуле Қарабалева мен құрбан болған мұнайшы Жақсылық Тұрбаевты еске алу шарасын өткізді. Жұма күні Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының қорытынды баяндамасы сәуірде Қазақстанда өткен президент сайлауы турасында болды.Атап айтқанда президенттікке үміткерлер өзара белсенді бәсекелес бола алмады және сайлауға қатысты журналистік зертеулер болмады дейді миссия өкілдері. Сайлау барысын бақылап қорытынды жасаған миссия қызметкерлері барлығы10шақты жағымды жайт пен 21 ескерту жариялады. Дегенмен Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің де бұл мәлімдемеге қатысты өз ұстанымдары бар. Ресейлік сарапшы Александр Князевтің Независимая газетіне берген сұқбатында Ауғанстанда 200дей қазақстандық моджхед жүр деген дерек көзі қайдан шықты? Қарағанды қаласы мен Қарқаралы аймағында ақын Қасым Аманжоловтың жүз жылдығына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Жұма күні Қарағанды қаласында Қасым ақынға еңселі ескетртіш ашылды. «Қасым» атты әдеби журналдың алғашқы нөмері жарық көрді. Көрермендерге Қасым туралы деректі фильм көрсетіліп, Қарқаралының кітапханасына Қасым есімі берілді. Интернетте танымдық сайт та ашылды. Жұма күні кешке «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ!» деген республикалық жыр мүшайрасының, Қасым өлеңдеріне жазылған «Жыр жазамын жүрегімнен» ән байқауының қорытындысы жарияланды.