Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына 70 жыл толды. 70 жыл ішінде 228 толықметражды және 70 қысқаметражды көркем фильмдер, 1133 деректі және 139 анимациялық фильмдер түсірілді. Соңғы жылдары «Қазақфильм» киностудиясында режиссер Фархат Шәріповтың «Сказ о розовом зайце», режиссер Ақан Сатаевтың «Ликвидатор», режиссер Рүстем Әбдрашевтің «Балалық шағымның аспаны», Қанағат Мұстафиннің «Рывок», Ержан Рүстембеков пен Александр Черняевтардың «Ирония любви» фильмдері түсірілді. Қазақстандық алғашқы «Тоғысқан тағдырлар», «Саранша» телехикаялары және соңғы кезде шыққан «Сказ о розовом зайце», «Два пистолета» сынды фильмдер арқылы көрерменге танылған актер Бақтияр Қожа Қазақстанның кино нарығын дамытпай кино саласына жоғары баға беруге болмайды деп есептейді. Актер қазақ киносының нарығы аса мәз емес деп санайды. Қыркүйектің 19-24 аралығында Алматыда жетінші халықаралық Еуразия кинофестивалі өтіп жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстан және басқа да елдерден 12 картина іріктеліп алынды. Фестивальді ұйымдастырушылардың сөзінше, фестивальге соңғы жылдары Орталық Азия елдерінің фильмдері қатысып келсе, енді Азия, Еуропа мен қазақстандық туындылар қатысады. Оның ішінде Румыния, Иран, Исландия, Ресей, Жапония-Қазақстан, Франия, Филиппин, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің фильмдері бақ сынайтын болады. Таңдау комиссиясының құрамында болған режиссер Сатыбалды Нарымбетов байқаудың іріктеу комиссиясында болды. Ол комиссия 40-қа жуық фильм көріп шыққан. Олардың әрқайсысы өзінше ерекше болды. Сондықтан олардың ішінен 12 фильмді таңдап алу оңайға соқпады деп отыр.