Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Еңбек ері, Совет Одағының халық әртісі Бибігүл Төлегенова «КОНСТИТУЦИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕР ТОҚТАТЫЛСЫН!» деген атпен жарияланған хатқа қол қоймағанын мәлімдеді. Осыған дейін әнші, композитор Қыдырәлі Болманов, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Жалпы социал демократиялық Азат» партиясының тең төрағасы Болат Әбілов пен Қазақстан «Компартиясының» жетекшісі Ғазиз Алдамжаров хатты оқымағандарын айтып, қол қоймағандарын мәлімдеген болатын. Сарапшылар зиялы қауым өкілдерінің ашық хаттарға қол қоюдан бас тартуы алғаш рет болып отырған жоқ дейді. Бибігүл Төлегенова қазақ тілі қазір тұрмыста жиі қолданылады деді. Сондықтан да алдымен оның қолдану аясына назар аударған жөн дейді әнші. Сондай-ақ ол өз отбасының көп ұлтты екенін айтты. Әнші әркім өз ісімен айналысу керек, мәдениет қызметкерлері әдетте саясаттан алыс болады деді. Жазушы әрі драматург Дулат Исабеков бұл қорқатын саяси мәселе емес. Сондықтан да одан бас тарту табансыздықты көрсетеді дейді. Оның сөзінше, ашық хатқа қол қойып, сосын бас тарту алғаш рет болып отырған жоқ. Жазушы өнер адамдарының саясаттан алыс болуы қате ұғым деп санайды. «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов ашық хаттан бас тартқан өнер қайреткерлерінің басым бөлігі «Нұр-Отан» партиясының мүшелері дейді. Оның айтуынша, ашық хаттарға қол жинау кезіндегі ұйымдастыру шараларын бір ретке келтіру керек.

XS
SM
MD
LG