Accessibility links

Дөңгелек үстел


please wait

No media source currently available

0:00 0:30:00 0:00
Жүктеп алу

"Қазақстандағы қазақ тілді баспасөз бен орыс тілді баспасөз екеуі екі бөлек әлемнен келгендей: тақырыптары да, ақпаратты беру тәсілдері де әртүрлі" дейді дөңгелек үстел қонақтары. Қазақстанның жоғары басшылығы отандық баспасөзге қарағанда шетелдік, оның ішінде ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) іш тартады, соларға ықыласпен сұхбат береді (немесе олардың интернет-конференцияларына қатысады), сұрақтарына жауап беріп жатады. Бұл нені білдіреді? Қазақтілді және орыстілді журналистиканың екі бөлек болуының себебі неде? Олардың айырмашылығы неде, олардың қандай ортақ проблемалары бар? Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатысатындар: Қасым Аманжолұлы – тәуелсіз журналист; Жәнібек Сүлеев – тәуелсіз журналист; Андрей Свиридов – шолушы, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының тарихшысы; Әміржан Қосанов – Жалпыұлттық «Азат» социал-демократиялық партиясының бас хатшысы. Дөңгелек үстелге шақырылған Қазақстан байланыс және ақпарат министрлігінің өкілдері  – министрліктің жауапты хатшысы Қайрат Әбсаттаров пен ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Берсебаев пікірталасқа қатысудан бас тартты.

XS
SM
MD
LG