Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

"Әлемді ядролық қарудан ада ету үшін" деп аталатын форум сәрсенбі күні Астанада басталды. Оған қатысушы халықаралық  сарапшылар ядролық қарусыздану жолындағы Қазақстанның рөлі жайында түрлі пікірлер айтты.  Қазақстанда Сматуллашылар ісі бойынша жүріп жатқан сотта тараптардың  жарыссөздері басталды. Сматуллашылар ісі бойынша тоғыз адамға уахабтардың құқын бұзды деген айып тағылуда. Соттың ашық деп жарияланғанына қарамастан, БАҚ өкілдері кіргізілгін жоқ. Адвокаттардың айтуынша, журналисткрдің сотқа қатысуына айыпталып отырғандардың өздері қарсы көрінеді. Өздерін Яссауия сопылық тарихатын ұстанушылар деп санайтын топтың бірнеше өкілі былтырғы тамыз айынан қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған болатын. Қазақстан комсомолы осыдан 20 жыл бұрын 12 қазанда Қазақстан жастар одағына қалай айналды? Компартияның «жауынгер резерві, әрі сенімді көмекшісі»  комсомол ұйымының жетекшілері постсоветтік кезеңде де билік тұтқасынан алыс кеткен жоқ. Азаттықтың қазақстандық экономист Ілияс Исаевпен арнайы сұхбаты Қазақстандағы орташа және ең жоғары жалақы деңгейі неден қалай құралады деген тарқырыпқа арналған болатын. Қаржыгер орташа жалақы дегеніміз нақты жағдайды көрсетпейтін астарлы статистикалық мәлімет деп санайды.

XS
SM
MD
LG