Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Алматыда сәрсенбі күні "Сопылар ісі" деп аталған іс бойынша сот үрдісі жалғасып, үкім шықты, айыпталғандардың алды 14-12 жылға, соңы 2-5 жылға бас бостандықтарынан айрылды.  Жаңаөзен мен Ақтаудағы ереуілдеп отырған мұнайшылар күн салқындап, түн суыта бастағандықтан, алаңда шатырлар тігіп отырмақшы, бірақ бұған жергілікті билік рұқсат бермей отырған көрінеді. Ал мұнайшылар мәселесі туралы Алматыда сөз қозғаған адам құқтары мен бостандықтарын қорғау коалициясы Қазақастанның еңбек туралы бірқатар заңдарына өзгерістер енгізілуі қажет деп есептейді. Сәрсенбі күні Азаттық радиосының сайтында «Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеталинмен онлайн конференция өтті. Оқырмандар сұрақтарына қаншалықты жауап берілгендігін де шолып өтетін боламыз. Сәрсенбі күні Астанадағы Көрме залында «Kazfood-2011» және «Halal Expo -2011»  халал тағамдар мен халал тұтыну тауарларының көрмесі ашылды, Оған әлемнің бірқатар елдерінен қатысып жатқан халал өнімдер өндіретін кәсіпорындар мен компаниялар бар Сіз өзіңіз пайдаланатын тағамыңыздың халал екеніне сенімдісіз бе? –Азаттықтың сауалнамасы. Бүгін, яғни 2011 жылдың 19 қарашасы күні адам құқығы мен бостандықтарын қорғау жөніндегі республикалық коалиция «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң  мен Қазақстанның батысындағы мұнай компанияларында орын алған еңбек наразылығы туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Созақ ауданының мұсылмандарына аудан  әкімі «сақалдарыңды алып тастаңдар» деп бұйырған. Сөйтіп әкім біздің құқымызды шектеп отыр дейді Азаттыққа телефон шалған тыңдармандар. Алайда, әкім мұсылмандарға тек «әдемі, жарасымды болып жүруге кеңес бергендігін» айтып отыр.

XS
SM
MD
LG