Accessibility links

Дөңгелек үстел


please wait

No media source currently available

0:00 0:30:00 0:00
Жүктеп алу

Азаттық Радиосының бағдарламасын енді дөңгелек үстел маслихатымен сабақтаймыз. Бүгінгі пікірталастың тақырыбы: «Қазақстанмен бірігу керек» деген үндеу Қырғызстанның өз ішінен шыға бастады» деп аталады. Орта Азия аймағында қайсыбір одақ, мысалға, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдегендей, «Орта Азия Одағын құру» немесе 2003 жылы Тәжікстанның Демократиялық партиясының көсемі Мұхаммадрузи Искандаров ұсынғандай - ЕуроОдақтың үлгісі бойынша «Орта Азия - біздің ортақ үйіміз» атты бірлік құру сынды түрлі идея көптен бері айтылып та, жазылып та келеді. Ал енді қырғыз профессор, бірақ жай ғалым емес, қырғыз парламентінің бұрынғы спикері әрі бұрынғы вице-премьері Зайнудин Құрмановтың дуалы ауызынан «Қазақстан мен Қырғызстан негізінде конфедерация құру керек, кейінірек ол Тәжікстан есебінен тіпті федерацияға да айналуы әбден мүмкін» деген үндеу айтылды. Ал ондай бірлік құруға Кремльге қайта оралған күнде «Еуразия одағын» құруды ұсынған Владимир Путин мен өзін Орта Азия аймағының жандармы немесе лидері ретінде көргісі келетін өзбек президенті Ислам Кәрімов қалай қарайды? Бұл тақырыпты Қазақстан мен Қырғызстанның сарапшылары талқылады. Әріптесім Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ өткізген Дөңгелек үстелдің қысқаша мазмұны мен аудио нұсқасын Азаттықтың интернет-сайтынан оқып тыңдауға болады.

XS
SM
MD
LG