Біріккен ұлттар ұйымының болжамы бойынша 31-ші қазанда әлемнің 7 миллиардыншы тұрғыны дүниеге келеді. Ол қазақтың қарагөзінен болуы да әбден мүмкін екенін мамандар айтты. Ал «Ұлы дала» қозғалысының құрылуына байланысты алғашқы құрылтайда сөз сөйлеген демогроф ғалым Мақаш Тәтімов Қазақстан халқының саны жақын арада толық 17 млн-ға жетеді деп мәлімдеді. Алматы қалалық № 1-ші перзентхананың бас дәрігері Үмітхан Артықбаева қазір бала туу саны да, бала өлімі де азайған деп отыр. .