Дөңгелек үстел мұнайшылардың ереуілі бірнеше айдан бері үзілмей жалғасқан Маңғыстау облысында пайда болған жаңа келеңсіз құбылысқа арналды. Атап айтқанда, соңғы кезде Маңғыстауда травматикалық тапаншамен кем дегенде 3 рет қастандық шабуыл жасалды. Бұл шабуылдардың бір ерекшелігі - соңғы үш қастандық та ереуілге шыққан мұнайшылар мен олардың белсенділеріне және ереуіл туралы хабар беріп жүрген оппозициялық тележурналистерге қарсы бағытталды. Тамыз айының ішінде 2 адам қаза болды: ол бұрғылаушы Жақсылық Тұрбаев пен бір ереуілшінің 18 жастағы қызының ауыр соққыдан мерт болған мәйіті табылды. «Халық майданы» оппозициялық қозғалысының Ақтаудағы кеңсесі маңында белгісіз біреулер қозғалыстың 2 белсендісін аяусыз соққыға жығып кетті. Бұл қылмыстар не себептен тек ереуілшілерге және ереуіл жайынан хабар беріп жүрген журналистерді ғана нысанаға алады? Неліктен бұл қылмыстардың бірі де әлі әшкереленіп, айыптылар жазаға тартылмады? Бұл шабуылдардың артында кімдер тұр? Дөңгелек үстелде сарапшылар осы мәселерді талқылады. Дөңгелек үстелдің қысқаша жазбаша мәтіні мен аудио-нұсқасын Азаттық радиосының Интернет-сайтынан оқып, тыңдауға болады.