Сейсенбі күні Қазақстан президенті Н. Назарбаев парламенттің төменгі палатасы мәжілісті тарату мәселесі турасында кеңес өткізді. Президенттің кеңесшісі Ермұхамбет Ертісбаев мәжілісті тарату жөніндегі жарлыққа сейсенбі күні қол қойылады деген болатын. Ақпарат агенттіткерінің парламенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап таратқан ең соңғы деректеріне қарағанда палаталардың сәрсенбідегі біріккен пленарлық мәжілісі болмайды. Алты айдан бері ереуілдеп жатқан Маңғыстаудағы мұнайшылардың хал-жағдайын білуге Астанадан барған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов жұмыссыз қалған мұнайшылардың мәселесін шешпекші дешег ақпарат жетті. Пара алда және мемлекет мүлкін талан-таражға салды деген айыппен 2010 жылдың 12 наурызында 14 жылға бас бостандығынан айрылған «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке қарсы қозғалған екінші қылмыстық іс бойынша сот тыңдаулары жабық жағдайда басталды. Ресей жұмыс іздеп осы елге барған еңбек мигранттары - тәжіктерді жаппай Тәжікстанға қайтаруға дайындап жатыр деп жазады Moscow times басылымы.