Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Қаржы полициясы мен қазақстандық басылымдардың арасындағы сот тартысына тағы бір іс қосылды. Қазақстан қаржы полициясының бұрынғы төрағасы Сарыбай Қалмырзаевтың «Свобода слова» газеті 2011 жылдың наурыз айындағы мақалаларында  беделіме нұқсан келтірді деген шағымы бойынша сотқа дейінгі тыңдаулар бейсенбіде басталды. Маңғыстау облысында мұнайшылардың ереуілінің жалғасып жатқанына жарты жылдың жүзі болды. Осы аймаққа барған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов жұмыссыз қалған ереуілшілермен келіссөздер жүргізіп жатыр деп хабарлайды осы өңірдегі тілшіміз. Қазақстанның білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов  жоғарғы оқу орындарындағы жемқорлыққа қарсы білек сыбана күресетін түрі бар, министр жемқорлыққа жол берген ректорлар қызметімен қош айтысады деді. Алдағы жылы Грузияда болатын парламент сайлауына  түсіп, билікті қолына алғысы келетін миллиардер Бидзина Иванишвили деген кім? Халықаралық тақырыпты осы тұрғыда өрбітеміз. Қазақстанда қайырымдылықпен айналысатындар дәулеттілер ме, болмаса қарапайым қоңыртөбел тіршілік кешетін жандар ма?  Мұны «Алтын жүрек» ұлттық-қоғамдық сыйлығын ұйымдастырушылардың бірі Жұлдыз Омарбекованың сұқбатынан білетін боламыз.

XS
SM
MD
LG