"Уақыт бедері" айдарының бүгінгі хабарында сіздер Қазақстан мектептерінде енгізіле бастаған электронды оқыту жүйесімен танысатын боласыздар. Астанадағы электронды оқыту жүйесіне алғашқылардың бірі болып өткен 3-ші лицей оқушылары. Бұл оқу орнының оқушылары бұрынғыдай ауыр сөмке арқалап жүрмейді, ата-аналар болса, электронды күнделік арқылы балаларының үлгерімі мен тәртібінің жағдайын қадағадап отырады.