Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Бейсенбай Құсбек есімді азамат 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың бірі. Ол Желтоқсан оқиғасы болған күні Алматыға келген екен.  Алаңға барған кезде бейбіт шеру өтіп жатқанын  байқапты. Бейсенбай Құсбектің айтуынша, ол жерде аяқ астынан қақтығыс басталып кетті. Сол уақытта сұхбаттасымыз жарақат алғанын айтады. Бейсенбай Құсбек Желтоқсан оқиғасы тағдырымды өзгертті дейді. Оның сөзінше, күн көріс үшін сауда саттықпен айналысуға мәжбүр болған. Ол қазіргі уақытта «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық ұйым төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Үш қызы бар. Оның сөзінше, осы уақытқа дейін Желтоқсан оқиғасы туралы шынайы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбай жүр дейді. Сұхбаттасымыз 12 желтоқсан күні Алматы қалалық прокуратурадан ақталғаны туралы құжат алғанын айтып, Азаттық радиосына хабарласты. Сондай ақ ол саяси құрбан ретінде ресми түрде танылған екен. Бейсенбай Құсбек бүгінге дейін желтоқсаншылардың арман тілегі орындалмай келе жатыр деп санайды.  Аманғазы Кәріпжан 1982 жылы сол кездегі қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің сырттай бөліміне оқуға түскен. Дәл 1986 жылы ол күндізгі бөлімге ауысыпты. Аманғазы Кәріпжанның алты баласы бар. Ол Қазақстан  жазушылар одағының мүшесі және желтоқсаншылар туралы газеттің бас редакторы болып қызмет атқарады. Тарихшылардың айтуынша, Желтоқсан оқиғасының ушығуына құқық қорғау органдары мен милицияға қара күш қолдануға рұқсат берілгені үлкен әсер етті. Ақыры оқиға кезінде ресми мәліметтер бойынша, 2400  адам ұсталды. Бұлардың ішінде Алматының соттары 326 адамды әкімшілік жазаға кесті, қылмыстық тәртіп бойынша – 99 жас сотталды, екі адам ату жазасына тартылды.

XS
SM
MD
LG