Accessibility links

Жаңаөзен жаңғырығы


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Шымкент тұрғыныТәуелсіздіктің 20 жылдығына берілген мерейтойлық медальдан бас тартып, облыстық әкімшіліктің наградалармен марапаттау бөліміне апарып тапсырды. «Мені осы наградаға ұсынғандардан алдымен кешірім сұраймын» деп басталатын үндеуінде шымкент азаматы, мамандығы инженер, «Ел бірлігі» деп аталатын тәуелсіз газеттің бас редакторы Мұхтар Мұхамбетжан: «Үкімет әскерлері отандастарымды Тәуелсіздік күні атып өлтіріп жатқанда, дәл сол күні бұл биліктен медаль алуға менің ар-ұятым жібермейді... Бостандығым мен өмірімді бәйгеге тігіп, қазақ жастарының мыңдаған адамдық тәуелсіз одағын құрған жан ретінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығында шеттен келген басқыншылар емес, қазақ полициясы қазақ азаматтарына оқ атқаны ашу-ызамды келтірді. Мен бұл ісіме қатысты өмірімде билік тарапынан ұйымдастырылатын келеңсіз жайттар боларын сеземін, бірақ  өз билігі масқаралаған елдің азаматы ретінде, қазақтың баласы ретінде мен бұл награданы мақтанышпен тағып жүре алмаймын» деп жазып, өзін желтоқсанның 11-і күні марапттаған медальды қайтарып берген. Азаттық радиосының поштасына келіп түскен осы үндеуден кейін шымкенттік Мұхтар Мұхамбетжанмен телефон арқылы әңгімелесудің сәті түсті.

XS
SM
MD
LG