1986 жылғы қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасына жыл аяғында 25 жыл толды. Осы жылы ол Жаңаөзендегі қантөгіс оқиғасының көлеңкесінде қалып қойса, көпшілік сарапшылар Жаңаөзен мен ширек ғасыр бұрынғы Желтоқсан көтерілісі бір-бірімен үндес дейді. Желтоқсан құрбаны,түрмеде жұмбақ жағдайда қаза болған Қайрат Рысқұлбековтың өлімінің сыры мен жұмбағы әлі күнге ашылмағанын айтады пікір білдірушілер. Қайтыс болғаннан кейін Қайратқа Халық қаһарманы атағы берілген болатын.