Accessibility links

Денсаулық


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Гемофилиямен ауыратын мүгедектердің” қазақстандық қауымдастығы Қостанайдағы бөлімінің директоры Лейла Балғабаеваның гемофилияға шалдыққан балалары бар екен. «Бізде тұратын орынмен қиындықтар туындап отыр. Баспана проблемасымен қала әкімшілігіне де, облыстық әкімдікке де, президентке де хат апардым. Бірақ барлық жерде бір жауап алдым. Біздің балалар да кезекте тұру керек. Мен 2930 болып тұрмын. Яғни мен тіпті балаларым сол уақытқа дейін өмір сұре ме жоқ па білмеймін», -дейді Лейла Балғабаева. Ол  мемлекеттің осы проблемаға назар аударатын уақыты жетті  дейді. Науқас балалардың анасы Айнұр Шаяхметова оларды аптасына 3 рет емханаға дәрі егу үшін апарады екен. «Мен қайда тұрамын? Үш балам бар. Олардың екеуі мүгедек. 10 жыл бойы күйеуімнің жұмысынан берген бір бөлмеде тұрып келдік. Ол кеңселерді жалға беретін үйде орналасқан. Біздің балаларымыз оларға кедергі келтіретін. Балалар жылайды, шулайды, тіпті тамақ дайындауға тыйым салынды. Сондықтан бізден бөлмені босатуды сұрады», - дейді Айнұр Шаяхметова. “Гемофилиямен ауыратын мүгедектердің” қазақстандық қауымдастығының ақпараттарына сәйкес Қазақстанда осы гендік ауруға ұшыраған азаматтар саны 2000-нан асады. Олардың 80%-ы – ер адам, 20%-ы – әйелдер. 2000 науқастың ішінде 800-ге жуығы – сәбилер мен жасөспірімдер. “Гемофилиямен ауыратын мүгедектердің” қазақстандық қауымдастығының президенті Тамара Рыбалованың сөзінше, Қазақстан гемофилия ауруын емдеуге көп көңіл бөліп отыр.  2012 жылы да көп қаражат бөлінген дейді ол: «Біз әлі күнге дейін осы сырқатқа шалдыққан адамдарды сапалы еммен қамтамасыз ете алмай жүрміз. Қажетті дәрі дәрмектің бар болғанына қарамастан науқастар қайтыс болуда. Әр елде  гемофилияны емдеуге арналған арнайы орталықтар бар. Менің пікірімше, біздің елдегі  негізгі проблема осында. АҚШта мұндай 188 орталық бар, ал Ұлыбританияда олардың саны 88, тіпті Африкалық елдердің барлығында  гемофилияны емдеуге арналған орталықтар бар. Қазақстанда ондай орталық ашу үшін барлық мүмкіндік бар», - дейді  Тамара Рыбалова.

XS
SM
MD
LG