Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

«Авторлық және сабақтас құқық туралы заңға», Қылмыстық және Әкімшілік құқық кодекстеріне енгізілген өзгерістер 31 қаңтардан бастап іске асты. Интернет желісінде туындыларды заңсыз пайдалану фактілерін болдырмау мақсатында «Қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық кодекстерінде» авторлық құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ережелер күшейтіледі. Интернет ресурстарын ұйымдастыру және құру арқылы авторлық құқық нысандарын заңсыз таратқан тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Айыппұл санкцияларын арттыру да қарастырылған. олардың төменгі мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіштен 8 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов бұл заң интернетті дамыту үшін қажет дейді.  Мамандардың сөзінше, енгізіліп отырған өзгерістер авторлардың, орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың құқықтарын интернет желісін қоса алғанда авторлық және сабақтас құқық нысандарын заңсыз пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік-экономикалық салдары – заңды құқық иелерінің мүліктік жағдайын жақсартуда, зияткерлік меншік саласындағы құқықтық тәртіпті нығайтуда зор мүмкіндік береді. Блогшы Жалғас Ертай өзге бір шешім қабылдау керек керек деп санайды: «Авторлық және сабақтас құқықтарды қарғау жөніндегі қазақстандық ассоциациясы президенті Виктор Лосевтің пікірінше, шамамен қазақстандық сайттардың 90 пайызы пираттық контенттен тұрады.   Жалғас Ертай бұл заң күшіне енгеннен кейін Казнеттің негізін қалап отырған бірқатар сайттар жабылуға мәжбүр болады дейді.

XS
SM
MD
LG