Бұған дейін «ұсталуы» төңірегінде алып-қашпа әңгіме көп айтылған Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеевті бүгін қаржы полициясы ұстап әкеткені хабарланды; Зауыттың атының өзгеруін сылтау етіп, бізді жұмыстан шығармақшы деп шағымданады «Қазақмыс» корпорациясына қарайтын Жезқазған мысбалқыту зауытының жұмысшылары; 1930 жылғы ақпан айының 7- 16 аралығында Қазақстанның оңтүстігінде болған Созақ көтерілісі жайында бүгінгі ұрпақ не біледі? Осы оқиғаны жан-жақты зерттеп, бірнеше кітап жазған жазушы-журналист Өтеш Қырғызбаевпен сұқбатымызды да назарларыңызға ұсынамыз. .