Әдетте тұмаудың ең шарықтау шегіне жететін кезі ақпан айының соңына дейін созылады. Тұмаудың беті тек наурыз айының басында ғана қайта бастайды. Санитарлы-эпидемиологиялық станция мамандарының таратқан мәліметтері бойынша, бұл - «А» типтегі тұмау. Науқастанғандардың 70 пайызы - 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер болып келеді. Сұқбаттасымыз Әсел Қосжанова есімді студент өзінің жиі тұмаурататыны туралы әңгімеледі. Оның сөзінше, ол дәрігерлердің көмегіне жүгінбейді екен. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Данияр Меңлібеков осы қыста былтырға қарағанда тұмау көрсеткіштері аз болды дейді. Тұмау, грипп латын тілінен аударғанда grіppus сөзі “бас салу, шап беру” деген мағынаға ие. Ол - тыныс жолдарының жұқпалы вирусты ауруы. Аурудың қоздырғышы - ортомиксовирустар олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин және нейраминидаза болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін. Данияр Меңлібеков тұмаудың асқынуындырмау үшін дәрігерлерге дер кезінде қаралу керектігін еске салды.