Кәсіпкер Болат Асылбеков Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қомақты қаржы болу керек дейді, ал «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарушы директоры Ғабит Лесбеков мемлекет тарапынан бизнесті дамыту үшін бар қажетті шаралар жасалып жатыр дейді. «Шет елдерде тек үш орган бизнесті тексереді және қадағалайды. Олар медициналық, салықтық комитет және полиция. Ал бізде олардың саны 100 ге жуық. Шетелдіктер Қазақстанда мұндай жағдайда бизнес жасау мүмкін емес деп санайды. Алайда біз жасап отырмыз. Бізде шағын кәсіпкерлер бар, яғни олар өмір сүру жолын тапқан. Қалай екенін қаржы полициясы біледі, жемқорлықпен күрес агенттігі оны біледі» дейді Алматылық кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Виктор Ямбаев. «Қазіргі кезде бірінші тексеруші – прокуратура болып отыр, одан кәсіпкерлер де мемлекеттік органдар да қорқады. Осы бақылаушы және қадағалаушы органдардың өкілеттілігін анықтау керек. Мысалы прокурор дәріханаға барып, фармацевтің ісі туралы түк білмесе де тексере бастайды да, түсініксіз жай үшін жауапқа тартады» дейді Фармацевтикалық қызметті дамыту және қолдау қауымдастығының президент Зурия Сыбанкулова.