Accessibility links

Денсаулық


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Қазір Қазақстанда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күнінің қарсаңында арнайы айлық өтіп жатыр. 1998 жылдан бері елде осы дертті емдеуге арналған ДОТС бағдарламасы іске асырылуда.  Есімін Болат деп таныстырған 28 жастағы Алматы қаласының тұрғыны қазір қаланың маңында орналасқан арнайы шипажайда емделіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сү¬йен¬сек, құрт ауруымен ауыратын тұр¬ғын¬дардың саны бойынша жағдай әлі де жақсарар емес. Ұйымның болжамдарына қарағанда, алдағы 10 жылда туберкулез адамдардың мезгілсіз көз жұмуына әкеп соқтыратын он себептің біріне айналмақ. Ал Туберкулез мәселелері жөніндегі ұлттық орталық директоры Тілеухан Әбділдаев Дотс терапиясының ерекшеліктерін айтып берді. Ол кезінде осы терапияны енгізетін уақытта түрлі пікірлер айтылды дейді.  Тілеухан Әбділдаев белгілі бір терапияны енгізбей тұрып, Денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарымен танысатындарын айтты. Содан кейін ол нұсқауларды әр ел өздеріне қарай бейімдейді дейді маман. Туберкулез мәселелері жөніндегі ұлттық орталық директоры Тілеухан Әбділдаев уақыт өте келе қолданылып жатқан әдістердің пайдалы екенін дәлелденді дейді.   2012 жылы Қазақстанда туберкулезбен күреске 2 млрд теңге бөлінген екен. былтырғы жылы республика бойынша жаңа 45 диспансер ашылыпты. Тілеухан Әбділдаев туберкулез ауруы қазір әлеуметтік мүмкіндік бойынша жіктеліп кедейлер ауруы деуден қалды дейді. Алайда осы уақытқа дейін туберкулез сырқатына шалдығатын адамдардың 75 пайызы әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларынан шыққандар дейді маман. Қазіргі уақытта туберкулездің жаңа түрлері ашылып, олар ұзақ уақыт емдеуді талап етеді екен.

XS
SM
MD
LG