Бұл жолы дөңгелек үстел - Жаңаөзен қаласындағы мұнайшылардың бейбіт ереуілін қарудың күшімен басқан оқиғаның 100 күндігіне арналды. Ал ресми билік, оның ішінде Бас прокуратура Жаңаөзен қаласындағы қантөгіске қатысты ашық пікірталасқа қатыспады. Пікірталасқа қатысқан сарапшылардың пікірінше, биліктің ашық әңгімеден жалтаруы - 27 наурыз күні Ақтауда басталып, Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік бойынша қылмыстық іс қаралатын сот процесінің бейтарап, әділ әрі ашық өтуіне де зор күмән келтіреді. Әріптесім Сұлтан Хан Аққұлы орыс тілінде өткізген дөңгелек үстелінің қысқаша жазбаша мәтіні мен толық аудио нұсқасын Азаттық радиосының Интернет-сайтынан оқып тыңдай аласыз.