Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Наурыз – исламнан бұрын пайда болған мереке, оның тамыры тіпті ежелгі парсы елінің зороастризм дінінен бұрынғы уақытта жатыр делінеді. Теолог ғалым Мухитдин Иса кез келген дәстүр және мейрамның зияны болмаса пайдалануға болады дейді.  Наурыз мейрамы негізінен халқының басым бөлігі мұсылман деп есептелетін аймақтарда, яғни Орталық Азия, Таяу Шығыс, Кавказда, сонымен қатар тіпті Еуропаның оңтүстік-шығысында аталып өтеді. Ауғанстанда оттың жанында билеу салт-жорасына «исламға қайшы» деп тыйым салынған. Ауғанстаннан келіп Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетте оқып жүрген Расагор Хамидолла бұл баршы мұсылмандарға ортақ мереке дейді. оның сөзінше, Қазақстан мен Ауған халқының наурыз мерекесін тойлауда ұлкен айырмашылықтар жоқ.  Орталық Азия мемлекеттерінде де Наурыз ресми түрде мейрам деп мойындалған, бұл елдерде оны атап өту дәстүрлері өте ұқсас. Қазақстанда Наурыз халық ойындарымен , ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, қазақша күреспен, ат жарысымен  жалғасып «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталады. Наурыз мерекесі күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан қалған дейді мамандар. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. .

XS
SM
MD
LG