Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Ақтауда Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге қатысты 37 адамның соты жалғасып жатыр. Банктердің өкілдері шығындарын өтеу талабында тұрса, жекелеген кәсіпкерлер арасында тіпті 35 миллион теңгеден бас тартқаны бар. Бірқатар қоғамдық ұйымдар Жаңаөзен оқиғаларына байланысты халықаралық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен парламенттік тыңдау өткізу ұсынысын жасады. Депутаттың бірі сот жүріп жатқан уақытта парламенттік тыңдау өткізіп, қысым жасаудың қажеті жоқ деп есептесе, енді бірі сот жүйесіне сенімсіздік білдіреді. Олар ең алдымен оқ атқандар сотқа тартылып, жазалануы тиіс еді дейді. Ақтөбеде тіркелмеген "Алға" партиясының белсенділері Жаңаөзен оқиғасынан соң кең таныла бастаған «әлеуметтік араздық» деген ұғымның төңірегінде талқылау өткізді. Интернеттегі әлеуметтік желілерде «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке қолдау білдіру үшін арнайы парақша ашылды.  Маңғыстау облысының Құрық аулындағы  «Ерсай-каспиан контрактр» компаниясындағы жұмысшылар қара тізімге ілінгендеріне наразы, бұл күнде қысқарып осындай тізімге ілінген  жұмысшылар 100-ден асып кеткен және оларды  басқа компаниялар жұмысқа қабылдмайды. .

XS
SM
MD
LG