Дөңгелек үстелде Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару Институтын енгізу және барлық деңгейдегі әкімдерді тағайындаудан сайлауға көшу мәселесі талқыланды. Бұл мәселелер Қазақстанда сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап 2001 жылғы Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысы құрылтайшыларының билік алдына тартқан маңызды талаптарының бірі болды, ақыр аяғында - биылғы 19 наурыздығы қазақ зияларының Алматыдағы форумында қойған талаптарының бірі болды. Алайда, билік ол талаптарды былай қойғанда, жергілікті өзін-өзі басқару туралы Конституцияға өзі енгізген баптарын да орындамай келеді. Оның сыры мен салдары неде? Бұл институтты Қазақстанда қазір енгізу мүмкін бе? Енгізсе, одан не ұтады? Дөңгелек үстелге қатысушылар осы сауалдарға жауап іздеп көрді. Дөңгелек үстелдің қысқаша жазбаша мәтіні мен толық аудио-нұсқасын Азаттықтың Интернет-сайтынан оқып тыңдауға болады.