Ақтауда сейсенбі күні 17 желтоқсандағы Шетпе станциясындағы оқиғаға қатысты сот басталды, түске дейін айыпталушылар бірнеше мәрте наразылық танытты, олардың бәрі де келтірілді делінген шығынды мойындмайтындарын айтты. Бұл аралықта осы Ақтауда Жаңаөзен ісі бойынша сот та өз кезегінде әрі қарай жалғасыт, жауапқа тартылған айыпталушылар өздерін тергеушілердің азаптағандарын бүгін де мәлімдеді. Алматыда бірқатар әлеуметтік топтар 28 сәуірде өтеді деп белгіленген келіспейтіндердің митингісін қолдайтындарын айтып, жиын өткізді Ал әлеуметтік желілерде қоғамдық белсенділер азаматтық үкімет жасақтап, виртуалды үкіметтің жұмысын қолға аламыз деген қозғалыс құрып жатыр.