Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда 12 сәуірде ғылым қызметкерлері күні алғаш рет аталып өтілді.Мереке 2011 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген болатын. «Қазақстан ғалымдарының кәсіби мерекесі ұлттық жаңа ғылым жүйесінің құрылуына негіз салған - «Ғылым туралы» жаңа заңды жүзеге асырудың алғашқы жылының аяқталуымен тұспа-тұс келіп отыр»,- делінген білім және ғылым министрлігі таратқан  хабарламасында. Алайда бірқатар ғалымдар елде ғылымға жеткілікті назар аударылмайды деген пікірде. Дінмұхамед Қонаев атындағы кен істері институты экология және тау кен жұмысының қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, технология ғылымдарының докторы, профессор Нариман Жалғасұлы үш ай бойы ақысыз демалыста болғандарын айтты. Ешқандай зерттеу жұмыстарымен айналыспайтын ғылыми институттар қаржыдан қағылады. Тіпті жабылып қалуы да мүмкін. Білім және ғылым министрі осындай мәлімдеме жасады. Ал ғалымдардың үш айдан бері жалақысыз қалғанына, тиісті құжаттардың жіті сараптамадан өтіп жатқанымен түсіндірді. «Келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін ол қаржы мекемесінен өтуі керек. заңды түрде. Біз әр тиынға жауаптымыз» деді білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов. Министр еңбекақы мәселесіне қатысты дау барлық емес, тек бірді- екілі ғылыми институттарда туындап отырғанын айтты. Бұған ғалымдардың өздері кінәлі көрінеді. Өйткені мемлекеттік тапсырыс берілетін байқауларға белсенді қатыспайды, тың жаңалықтары да аз дейді ол. ..

XS
SM
MD
LG