Қазақстан тұтынушылары азық-түлік бағасының жиі қымбаттайтынын айтып шағымданады. Азық-түлік бағасының не себептен қымбаттайтынын түсінуден қалған қарапайым жұрт азын-аулақ тиын-тебенді үнемдеуден басқа жол жоқ дейді. Біз азық түліктің, соның ішінде еттің халықтың қалтасы көтере бермейтін бағаға дейін не себептен өскенін білуге тырыстық. Осы мақсаттта Алматының көтерме бағамен ет сататын базарларын аралап көрген едік. Ет сатушылар базарда өздерінің тек делдал екенін айтып, көтерме бағамен алған еттіің әр келісіне 200-300 теңге ғана үстеме баға қойып сататындарын алға тартты.