Сәрсенбі күні түстен кейінгі үзілістен соң қайта жалғасқан полицейлер сотына Жаңаөзен сотындағы айыпталушы 6 адамнан жәбірленуші ретінде жауап алынды. Ал одан бұрын жауап алынған жәбірленушілер оқ атқан бес полиция ғана емес, одан да көп болатын, олардың бәрін тауып, жауапқа тарту керек деген талаптар қойды. Бұл аралықты Ақтау қаласында Жаңаөзен мен Шетпе оқиғасы бойынша сот процестері де жалғасты, олардың да күнделігімен тілшілеріміз таныстыратын болады. Адвокаттар алдын-ала тергеу кезінде айыпталушылардың азапталып, қысымға ұшырауын бас прокуратура зерттеуі тиіс деп талап етті. Әлемдік баспасөз бостандығы күні қарсаңында Қазақстандағы сөз еркіндігінің жағдайын саралаған баспасөз мәслихатына қатысушылар карикатуралық суреттер байқауының да қорытындысын жариялады. Тараз қаласында азаматтық белсенді әрі құқыққорғаушы Вадим Курамшинге қатысты соттың алғашқы отырысы өтті. Адвокат Жамбыл облысындағы қылмыстық істер жөніндегі соттың толық құрамына қарсылығын білдірді. Грузияның «Имеди» телеарнасында көрсетіліп келе жатқан "Әйел логикасы" деп аталатын шоу сыншылардың назарынан тыс қалмады. .