Айтыстың ақтық кезеңіне ақындарды бастап шыққан ақтөбелік Қайнар Алагөзов зейнетақы мен дін саясаты жөнінде сөз қозғаса, қарсыласы Еркебұлан Қайназаров астананың сәулеті мен билікті мадақтады. Сахнаға одан кейін қызылордалық Мұхтар Ниязов пен қарағандылық Дидар Қамиев шыққан еді.