Нарық заманында ер адам мен әйел адамның отбасындағы рөлі қалай қалыптасып отыр? Отбасында ұлттық салт-дәстүрді ұстанатындар бар ма? Олардың гендерлік саясатқа көзқарасы қандай? Нарық заманында отбасына табысты еркек қана емес, әйел адам да әкеледі. Өйткені азық-түлік пен комуналдық төлемдердің қымбаттауы көбіне әйел адамның жас баласын тастап, базарға шығып сауда жасап, нан табуына итермелейді. Отбасында әйел адам көп табыс тауып, ер адамның үйде отырып қалуы да көп жағдайда шаңырағының ортасына түсуіне әкеліп соғатын кездері болады.