Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Өскемен қалалық соты Мұстафа Шоқай туралы деректі фильм авторы  Қасымхан Бегімановтың журналистерге қарсы талап-арызын қанағаттандырмай тастады. Бегмановтың адвокаты қайыра шағым  беретіндіктерін айтса, фильм режиссеріне Шоқайдың ұрпақтары іздеп-табуға тура келеді. Алматыда жұма күні Орталық Азия елдеріндегі интернет дамуының ахуалы деген тақырыпта халықаралық форум басталды. Қазақстандық журналист Борат бейнесінде әлемге танылған британдық сайқымазақ Саша Барон Коэннің Диктатор деп аталатын жаңа картинасы кинотеатрларда көрсетіліп жатыр. 1944 жылы 18 мамырда Совет жетекшісі Йосиф Сталин Қырым татарларын түгелдей депортациялап Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға күштеп қоныс аударту жөніндегі жарлығы күшіне енді. Сол кезде Қазақстанға келіп қоныстанған 50 мыңдай қырым татарларының қазір Қазақстанда 20 мыңдайы қалған, олардың 2 мыңы Алматыда тұрады. Көпшілігі 1998 жылдан бастап тарихи отандарына қайта орала бастады. Сейіт Бабалиев Алматыдағы Қырым татарлары мәдени орталығының жетекшісі, ол қырым татарлары қиын-қыстау кезеңде пана болған қазақ халқына дәе риза дедйі Азаттыққа берген сұқбатында. Work and travel бағдарламасына қандай өзгерістер енгізілді? Қазақстандық студент-жакстар арасында бұл бағдарлама кең тараған, жыл сайын жаз айларында осы бағдарлама арқылы Америкаға барып жұмыс істеп қайтатын қазақстандық жастар көп, олардың кейбірі түрлі оқиғаларға да тап болып жатады. .

XS
SM
MD
LG