Бірқатар жазушылар мен философтар қазақтың басын біріктіретін ұлттық идея қажет екенін алға тартады. Олар Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі нарық заманында қазақтар тұрмыс-тіршіліктің қамымен жүріп, ұлттық идея туралы ойлауға мүмкіндігі болмады деген пікірде. Философтар Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігін әлемнің 200-ге тарта мемлекеті мойындағанын ескере отырып, ендігі кезекте ұлттың басын біріктіретін ұлттық идеяның болуы шарт дейді. Бірқатар зиялы қауым өкілдері Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея-тәуелсіздік тұғыры» атты кітабында жариялаған ұлттық идеяларға қолдау таныта отырып, оны БАҚ насихаттауды ұсынып отыр.