Сейсенбі күні жалақыны өсіруді талап етіп наразылыққа шыққан «Қазақалтын» компаниясының жұмысшылары концерн басшылығымен және жергілікті билікпен келіссөзден кейін жұмыстарына кірісті. Таразда азаматтық белсенді Вадим Курамшинге қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша сот жалғасып жатыр, адвокаттардың судьяны алмастыру жөніндегі өтініші қанағаттандырылған жоқ. Болат Атабаев пен Жанболат Мамайға Жаңаөзенге тергеуге бару үшін ҰҚК Ақтауға ұшатын ұшаққа билет сатып алып берді, бірақ азаматтық белсенділер адвокаттарынсыз бармайтындарын айтып отыр, ал интернетте Болат пен Жанболатқа қолдау көрсеткен азаматтар қол жинап жатыр. Италияда «Қашаған» жобасына қатысушы шетелдік компаниялардың бірі Ени компаниясын Қазақстан шенеуніктеріне пара берді деген айыппен сотқа тартып жатыр Отпан таудың етегіндегі шетпеліктердің ауыз су тапшылығы мен жол азабын тартқан тұрмысы туралы да әңгімелейтін боламыз.