Алматы қаласына алғаш рет Францияның бес ғасырлық өмірін суреттейтін туындылар әкелінді. Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылып отырған «Француз інжу-маржандары» атты көрмені тамашалаушылар қатары күннен-күнге көбейіп келеді. Көрмеге Францияның қайта өрлеу дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейін уақытты бейнелейтін 400-ден астам туындылар қойылған. Көрмені тамашалауға келгендер Француз мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік алғандарына қуанышты.