Қазақстанда сарапшы мамандар бала өлімінің күрт көбейгенін айтып, дабыл қағуда. Бұқаралық ақпарт құралдарының берген мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Қазақстанда 25 мың адам көз жұмса, солардың 950-і жасқа толмаған нәрестелер. Соңғы 5 айда Алматыдағы Перинатология және кардиохирургия орталығында 60-қа жуық сәби шетінеген. Мамандар бұған педиатрлардың жетіспеушілігі себеп дегенді алға тартады. Олардың айтуынша, Қазақстанда соңғы бес жылда педиатр мамандар дайындалып жатқан жоқ. .