Эбола індеті
2 қыркүйек күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чен Эбола дерті соңғы 40 жыл көлемінде болмаған деңгейге жетіп, үлкен қауіпке айналып отырғанын мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Дэвид Набарро дәрігерлердің іс-әрекеттері індеттің таралуына тосқауыл қоя алмай отырғанын айтып, қатерлі індетке қарсы күресті күшейтуге шақырды. Ресми мәліметтер бойынша, Африкадағы Гвинея, Сьерра-Леоне және Либерия елдерінде 3500-ден аса адам Эбола дертіне шалдығып, олардың 1500-ге жуығы қауіпті вирустан көз жұмған.