Президентке талап
Астанада бір топ белсенді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады. Олар Қазақстанда АЭС салуға және гептил отынын пайдаланатынын зымырандарды Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыруға жол бермеу, Қазақстанның ішкі істеріне өзге мемлекеттерді араластырмау жайлы талаптары айтылған хатты Ақордаға апарды. Белсенділердің айтуынша, хатқа 31 қоғамдық ұйым қол қойып, 500-ден астам адам қолдау білдірген. Астана, 3 қыркүйек 2014 жыл. Видео авторы - Жалғас Сапарбек.