Ресейшілдер тұтқынында
New York Times газеті 25 тамыз күні қорқынышты сурет жариялады. Онда Донецк алаңында Украина туымен байланған әйел тұр, кеудесіне "Ол балаларымызды өлтірді. Жазалаушылар агенті" деген сөзді жапсырып, басына да Украина туын орап қойған. Қасында түсі суық, қарулы адам тұр. Ашуға мінген бір әйел оны теуіп жатыр. Екі күннен кейін тұтқынның Ирина Довгань екені анықталды. Ол тұтқыннан шетел журналистерінің араша түсуімен босады. Иринаның Донецкіде, сепаратистердің "Восток" батальоны казармасында болғаны анықталды. Ол Азаттықтың Украин қызметіне басынан кешкендерін айтып берді. Сұхбатты Олексий Мацука жүргізген.