Мемлекеттік тілді қолдау жиыны
20 қыркүйек күні Алматыда, "Жалын" журналының кеңсесінде өткен мемлекеттік тілді қолдау жиынына саясаткерлер, ақын-жазушылар, қарапайым азаматтар - жиыны жүзге жуық адам қатысты. Жиынға келген белсенділер үкіметтің мемлекеттік тілді дамыту саласындағы жұмыстарын сынады. Екі сағатқа созылған жиынның соңы дауға ұласты. Видео авторы - Мәди Бекмағанбет.