Гонконгтегі наразылық
Гонконгте демократиялық құқықтар мен бостандықтарды кеңейтуді талап еткен мыңдаған адам 29 қыркүйекке қараған түнді қаланың орталық көшесінде өткізді. Түнде полиция наразылық шеруін тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашты. Бірақ шеруге шыққандардың көбі көшеден кетпеді. Қытайдың ерекше әкімшілік аймағы – Гонконгтегі наразылықтарға 2017 жылға белгіленіп отырған аймақтың келесі басшысын сайлауға қатысты Пекиндегі орталық үкімет енгізген шектеулер себеп болған. 1997 жылы Ұлыбритания Гонконгті Қытайдың қоластына қайтарған кезде Пекин «бір ел – екі жүйе» формуласы аясында Гонконг тұрғындарының бейбіт шеру өткізу бостандықтары мен құқықтарын сақтауға уәде берген.