Каталониялықтар пікірі
Алдын ала мәліметтер бойынша, 9 қараша күні Испанияның Каталониясында өткізілген, заңды күші жоқ бейресми дауыс беруге қатысқан тұрғындардың 80 пайыздан астамы аймақтың тәуелсіздігін қолдаған. Испанияның біртұтас болуын қалайтын орталық үкімет Каталония тәуелсіздігі туралы бейресми референдумді қажетсіз шара деп біледі. Бұған дейін Каталония сепаратистері тәуелсіздік жайлы мәселені заңды референдумге шығармақшы болғанымен, Испания конституциялық соты референдум өткізу туралы бастаманы тоқтатқан еді.