Жосалыда ауызсу қат
20 мыңнан аса тұрғыны бар Жосалы кенті көшелерінің тең жартысында ауызсу жоқ. Барлығы 114 көшенің 16-сына ауызсу жартылай жүргізілсе, 42 көшеде құбыр жоқ. Кент тұрғындары «бір водовоз суды (су таситын көліктің бір цистернасы - ред.) 2000 теңгеге сатып алуға мәжбүр» екендерін айтады. Жосалы кентінің әкімі Сақтапберген Демеуов елдімекенді «ауызсумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр» дейді. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, 7 қараша 2014 жыл. Видео авторы - Оңғар Саймасаев.