Accessibility links

Отпантаудағы Амал тойы

Маңғыстауда жұртшылық жылдағы дәстүрмен биыл да наурыздың 14-і күні облыс орталығы Ақтау қаласынан жүз шақырымдай жерде орналасқан «Отпантау» мәдени-ұлттық кешеніне жиналып, Амал мейрамын тойлады. Отпантау басында өткен мәдени көпшілік шараларды тамашалауға бірнеше мың адам қатысты. Мерекеге Маңғыстаумен бірге Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан, Астанадан адамдар келді.

Отпантау басындағы Амалды тойлаудан соң да Көрісу мерекесі наурыз айы бойы жалғаса береді. Тұрғындар бір-бірінің үйін аралап, құшақтасып көрісіп, амандық-саулық тілеп, келген жаңа жылмен құттықтайды.

XS
SM
MD
LG