Маусымжан Әділханованы ауруханаға қайта жатқызды
Денсаулығы тағы да нашарлап қалған 10-сынып оқушысы Маусымжан Әділханованы қараған дәрігер «жалпы жағдайы - орташа ауыр дәрежеде» деп, науқасты жедел жәрдем көлігімен Жаңаөзенге ауруханаға алып кетті. Қызылшаға қарсы екпеден соң дертке ұшыраған ондаған баланың ата-аналары ауру себебін анықтай алмай отырған дәрігерлерге наразы. Қызылсай ауылы, Маңғыстау облысы, 26 наурыз 2015 жыл.