Штутгарттан - Шымкентке
Михаил және Роман Фитирер Германиядан Қазақстанға қос мотоциклмен жеткен. Қазақ, орыс, неміс, ағылшын, түрік және украин тілдерін меңгерген жігіттер 9 күнде 5200 шақырымды жүріп өткендерін айтады. Өздерінің туған жері - Оңтүстік Қазақстан облысына бара жатқан саяхатшылар кезекті еңбек демалысын Шымкентте өткізбек. Ата-анасы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанға жер аударылған Фитирерлер отбасы 1990-жылдары Германияға көшкен. Ағайынды екі жігіт бала кезден қазақша тіл сындырып, қазақтың салт-дәстүрін бойына сіңіріп өскендерін, Германиядағы өмірге үйрену әуелде қиынға соққанын айтады. Қазір Штутгартта тұратын олар балалық шағы өткен туған жерді сағындық дейді. Қызылорда, 23 мамыр 2015 жыл.