Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Қырық жылдан кейінгі кездесу
26 мамыр 2015 жыл, 14:55
Умида АХМЕДОВА
Өзбекстанның Ташкент облысындағы Еңбек ауылында қазақ орта мектебінің түлектері арада қырық жыл өткенде кездесуге жиналды.
1
Газалкентке жақын орналасқан Еңбек ауылындағы қазақ мектебін бітіргендер арада 20,30, 40 жыл өткеннен кейін кездесуге жиналуды дәстүрге айналдарған.
2
Мұндай кездесулерге мектеп түлектерімен бірге, бір кездері осы білім ошағында еңбек етіп, зейнетке шыққан ұстаздар да жиналады. Солардың бірі – Қылышбек Тасболатов (оң жақ шетте) физика пәнінен сабақ берген.
3
Әр жылдары оқу бітірген түлектер өздері білім алған мектепте кезекті оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиында тұр.
4
Түлек өзінің №26 мектептегі ұстазына сәлем беріп тұр.
5
Мектепті 1975 жылы тәмамдаған түлектер кездесуіне биыл қырық адам келді. Олардың көпшілігі қазір Қазақстанда тұрады, сонда еңбек етіп жатыр. Сыныптастар кездесуін өткізуге мұрындық болған Әділхан Шалқараев (суретте) та қазір өзі тұрып жатқан Қазақстанның Шымкент қаласынан келді.
Бұдан қырық жыл бұрын осы 26-мектепті 44 оқушы бітірген. Олардың төртеуі бүгінде өмірде жоқ.
6
1975 жылы мектеп бітірген түлектер Ескендір Хасанғалиевтің мектеп туралы әнін қосыла шырқап тұр.
7
1975 жылы мектеп бітірген түлектер кездесуін ұйымдастырушылардың бірі Құдайберген Ертаев (ортада) Газалкентте тұрады.
8
Мектепті 1975 жылы бітірген түлектер ұстаздарына сый-құрмет көрсетті. Олар өздеріне білім мен тәрбие берген еңбегі үшін география мен тарих пәндерін оқытқан Бекбол Пернебаевқа шапан жапты.
9
1975 жылы мектеп бітірген түлектер өз сынып жетекшілері, география пәні мұғалімі Орынбасар Жанәділовпен (ортада) бірге. Оның жасы өз оқушыларынан көп үлкен емес. 1973 жылы Алматыдағы педагогикалық институтты тәмамдаған жас маман жолдама бойынша Еңбек ауылындағы №26 орта мектепке келген.
10
1975 жылы мектеп бітірген түлектер сынып жетекшілері, осы кездесуге Алматыдан арнайы келген Орынбасар Жанәділовпен бірге суретке түсті.
11
Мектеп ішіне қойылған бұрын осы білім ұясын бітірген түлектер суреттерінен әйелдер өздерінің оқушы кезіндегі бейнелерін іздеп тапты.
12
1975 жылы мектеп бітірген түлектер салтанатты жиыннан соң сынып кабинетінде отыр. Әділхан Шалқаров мектепте оқыған жылдары түсірілген суреттерден слайд-шоу көрсетті. Елдің барлық мектептеріндегідей, бұл оқу кабинетінің қабырғасына да Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың суреті ілінген.
13
Мектепті қырық жыл бұрын тәмамдаған түлектер слайд-шоуды тамашалап қарап отыр.
14
Фарида Разова (сол жақта) мен Қадырбек Кененбаев (оң жақта) мектепте бір партада отырған. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып істейтін Фарида қазір Шымкентте тұрады. Қадырбек осы Өзбектанда, Газалкент ауданы орталығы Еңбек ауылына жақын жерде тұрады.
15
Бұл мектепті 1975 жылы бітірген әйелдердің түгелге дерлігі Еңбек ауылынан көшіп кеткен. Ұзақ уақыттан соң бір-бірімен қайта жолыққан олар өзара байланыс алмасты.
16
Мектептегі салтанатты жиыннан соң бұрынғы түлектер мектеп асханасына дастархан жайды. Оларға мектептің қазіргі оқушылары көмектесті.
17
26-қазақ орта мектебінің түлектері салтанатты жиында тұр. Өзбекстанда 9-сыныптан соң оқушылардың көбі колледждер мен лицейлерде білімдерін жалғастырады. Өзбекстанда арнайы орта және жоғары оқу орындарында білім беру ісі өзбек тілінде.
18
Қазақ орта мектебінде оқитын қыз бала. Бәлкім, арада жылдар өткенде оның да сыныптастары түлектер кездесуіне жиналатын болар.
Умида АХМЕДОВА
Жазылыңыз
Қырық жылдан кейінгі кездесу
Ұқсас
«Өзбекстанда 100-ден аса қазақ мектебі жабылды»
Back to top
XS
SM
MD
LG