Астанадағы баспана дауы
"Махаббат" және "Махаббат-2" тұрғын үй кешені тұрғындары Астанадағы "Нұр Отан" партиясы филиалы ғимараты алдында флешмоб өткізді. Олар шағымдарын партия өкілдеріне тапсырды. Онда олар баспаналарынан шығарғалы жатқан кешен қожайындарымен кездесу ұйымдастыруды сұраған. Баспанаға қатысты бұл даудың шыққанына төрт жылдай болды.