Бүгін, 27 шілдеде Женевада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) ресми түрде мүше болу салтанаты өтеді. Бұл туралы cенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter аккаунтында хабарлады.
Салтанатты жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ДСҰ бас директоры Роберто Азеведо қатысады.
22 маусымда Назарбаев Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне қатысты келіссөздер табысты аяқталғанын мәлімдеген.
Қазақстан ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөзді 1996 жылдың қаңтарында бастаған. Содан бері интеграцияның тиімділігіне қатысты әр жылдары қилы пікірлер айтылып, келіссөз процесі бірде баяу, бірде қарқынды жүрді.