Арон Атабектің түрмедегі ахуалы
Павлодар облысындағы қоғамдық бақылау комиссиясы мүшесі Елена Семенова Павлодар қаласында түрмеде отырған 62 жастағы ақын әрі диcсидент Арон Атабекпен жолығып қайтты. 2006 жылы Алматы маңындағы Шаңырақ елдімекенінде болған оқиғаларды ұйымдастырушы деген айыппен 18 жылға сотталған оппозиционер жаза мерзімінің төрт жылдан көбін бір кісілік камерада өткізген. Құқыққорғаушының сөзінше, тұтқын Арон Атабек түрме әкімшілігі тарапынан қысым көргеніне шағым айтқан. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығы барлық тұтқындарға тең қарайтындарын айтады. Азаттықтың Прага студиясынан алынған видеосұхбат.